8 сағат бұрын
Дәурен Тұрсағұлов жарақат алды: құрамаға басқа ойыншы шақырылды
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Әзербайжан құрамасына қарсы матчтар қарсаңында футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылар тізімінде өзгеріс болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан чемпионатының 38-турындағы «Ақтөбеге» қарсы ойында «Қайраттың» ойыншысы Дәурен Тұрсағұлов жарақат алды. Медициналық тексеру нәтижесінен кейін, Дәурен алдағы ойындарға қатыса алмайтыны анықталды.
Ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы жарақат алған шабуылшының орнына «Каспий» клубының ойыншысы Нұрсұлтан Таңатұлын шақыру туралы шешім қабылдады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан