Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Қазақстан футзал құрамасы жолдастық кездесуде Әзербайжаннан басым түсті

Қазақстан футзал құрамасы жолдастық кездесуде Әзербайжаннан басым түсті

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Бүгін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ақтау қаласында Әзірбайжанмен алғашқы жолдастық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

ФИФА күнтізбесіне сәйкес отандастарымыз 5-15 сәуір аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Какау бастаған отандастарымыз оқу-жаттығу жиыны аясында Ақтау қаласында Әзербайжан құрамасымен 13 және 15 сәуір күндері екі жолдастық матч өткізеді.

Кездесу барысында отандастарымыз белсенді ойын көрсетті. Алдымен қазақстандық қақпашы 14-минутта Лео Игита есеп ашса, одан кейін Әбдірасул Әбдуманапұлы 14-минутта басымдықты арттырды.

Ал әзербайжандық Новруз Казиханов 16-минутта есеп айырмасын қысқартса, келесі кезекте Альберт Акбалықов 16, Біржан Оразов 24, 32, Ақжол Дәрібай 30, Агеділ Мадияров 31, 37, Арнольд Кнауб 33-минутта мергендігімен көзге түсті.

Ойынның 38-минутында әзербайжандық Рустамли Октай қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласынан 9:2 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, ел құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатында өз тобында екінші орынды місе тұтты.

Алдымен Албанияны 2:0 есебімен жеңсе, одан кейін Армениямен 4:4 есебімен тең ойнады. Үшінші кездесуінде Даниядан 2:3 есебімен жеңіліп қалса, өз алаңында аталған қарсыласын 7:3 есебімен тізе бүктірген еді. Бесінші ойында Албаниядан 4:2 есебімен басым түссе, дәл сондай есеппен сырт алаңда Арменияға есе жіберді.

Одан кейін плей-офф сатысында отандастарымыз Италия құрамасына (2:1, 2:3, пенальтиден 0:1) жол берді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан