27.08.2023
«Қайрат» АФК Португалиядағы турнирде жеңімпаз атанды
Алматылық «Қайрат» АФК футзалдан Португалияда өтіп жатқан «International Masters Cup» турнирінде жеңімпаз атанды.
Қорытынды ойында қазақстандық команда Португалияның «Брагасын» 1:0 есебімен жеңді. Бұған дейін Португалияның «Бенфикасын» және «Спортингін» ұтқан болатын.
Осылайша, үш ойында да жеңіске жеткен «Қайрат» АФК «International Masters Cup» турнирінде чемпион атанды.




Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»