20.09.2024

«Каспий» қатарынан сегізінші мәрте жеңіске жетті 

«Каспий» қатарынан сегізінші мәрте жеңіске жетті 

Футболдан Бірінші лиганың ХХV туры тартысқа толы басталды.

Көш басында келе жатқан Көкшетаудың «Оқжетпесі» ойламаған жерден сырт алаңда Өскеменнің «Алтай» командасына 0:1 есебімен есе жіберді. Осылайша олар турнир кестесіндегі жағдайын біршама қиындатып алды. Әзірге көш басында тұрғанмен одан кейінгі орындардағы командалар аталған ұжымды өкшелеп қалды. 

Біріншіліктің орта тұсына таман ойыны біршама қожырап кеткен Ақтаудың «Каспий» клубы әлі де Қазақстан Премьер-лигасына шығатын мүмкіндігін жоғалтқан жоқ. Сегіз тур бойы жеңілістің ащы дәмін татпаған олар сол сәттілік сериясын бұл жолы да жалғастырды.

Ақтаулық клуб бүгінгі ойында Алматының «Қайрат-2» командасын 4:2 есебімен жеңді. Сондай-ақ аталған турда Оралдың «Ақжайығы» қызылордалық «Қайсар-2» командасын 1:0 есебімен қапы қалдырды. 

Енді 20 қыркүйекте «Ақтөбе-2» мен «Арыс» (Түркістан облысы), «Жетісай» (Түркістан облысы) мен «Хан Тәңірі» (Алматы), «Түркістан» мен «SD Family» (Астана), «Екібастұз» (Павлодар облысы) бен «Тараз» командалары кездесу өткізеді. 

Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы анықталды 

Футбол 4 сағат бұрын

Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы анықталды 

«Қайрат» клубы Чемпиондар лигасында сенсация жасады

Футбол 14 сағат бұрын

«Қайрат» клубы Чемпиондар лигасында сенсация жасады

Қазақстандық қазіргі бессайыс федерациясының жаңа президенті сайланды

Басқа 16 сағат бұрын

Қазақстандық қазіргі бессайыс федерациясының жаңа президенті сайланды

Беларусьтік «Легия» шабуылшысы Ілия Шкурин «Ақтөбемен» қарымта матчқа саяси себептерге байланысты келмейді

Футбол 16 сағат бұрын

Беларусьтік «Легия» шабуылшысы Ілия Шкурин «Ақтөбемен» қарымта матчқа саяси себептерге байланысты келмейді

Sold out: «Қайрат» - «Олимпия» ойынына билеттер толықтай сатылып кетті

Футбол 18 сағат бұрын

Sold out: «Қайрат» - «Олимпия» ойынына билеттер толықтай сатылып кетті

Қазақстан құрамасының белді футзалшысы Лео «Семей» клубына келді

Футзал 22 сағат бұрын

Қазақстан құрамасының белді футзалшысы Лео «Семей» клубына келді