1 күн бұрын

Футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды

Футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды

rsport.ria.ru

Футзалдан Қазақстан құрамасының әлем чемпионаты ширек финалында Аргентинамен шеберлік байқасады.

27 қыркүйекте 1/8 финалда Аргентина құрамасы Хорватиядан 2:0 есебімен басым түсіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Енді қазақстандық футзалшылар 30 қыркүйекте аталған қарсыласымен Ташкент қаласында алаңға шығады.

Қазақстан биыл D тобында Испаниямен 1:1 есебімен тең ойнаса, одан кейін Ливияны 4:1, Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен тізе бүктірді. 

Нәтижесінде өз тобында Испанияны алға жіберіп, екінші орын алды.

Одан кейін 1/8 финалда Португалияны 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Биыл әлем чемпионатында ел намысын Нарун Серіков, Леонардо Игита, Арнольд Кнауб, Ринат Төреғазин, Ақжол Дәрібай, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Азат Валиуллин, Лео, Альберт Ақбалықов, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Жахангир Рашит және Дуглас Жуниор сынды спортшылар қорғайды.

Екі құрама қазірге дейін екі мәрте кездесті. Алғаш рет 2016 жылы әлем чемпионатында ел құрамасы оларға 0:1 есебімен есебімен есе жіберсе, биыл қыркүйек айында жолдастық кездесуде 3:2 есебімен қапы қалдырды. 

Аргентина құрамасы әлем чемпионатына тоғыз мәрте қатысты. 2016 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алса, 2021 жылы күміс жүлдегер болды. 

Сондай-ақ ширек финалдың тағы бір жолдамасына Таиландты 5:2 есебімен тізе бүктірген Франция құрамасы ие болды. 

Енді ширек финалда 29 қыркүйекте Бразилия мен Марокко, Украина мен Венесуэла, Франция мен Парагвай құрамалары ойнайды. 


Әділжан Үмбет. 

Бүгін футзалдан әлем чемпионатының ширек финал ойындары басталады

Футзал 6 сағат бұрын

Бүгін футзалдан әлем чемпионатының ширек финал ойындары басталады

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді

Футбол 6 сағат бұрын

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Аргентинамен ойынға дайындығын бастады

Футзал 6 сағат бұрын

Футзалдан Қазақстан құрамасы Аргентинамен ойынға дайындығын бастады

Қуат Хамитов бокстағы алғашқы кездесуін сәтті өткізді

Бокс 6 сағат бұрын

Қуат Хамитов бокстағы алғашқы кездесуін сәтті өткізді

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің жаңа бас хатшысы сайланды

Париж-2024 7 сағат бұрын

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің жаңа бас хатшысы сайланды

Қазақстан бокс құрамасының алдағы уақытта жоспары дайын болады

Бокс 7 сағат бұрын

Қазақстан бокс құрамасының алдағы уақытта жоспары дайын болады