07.10.2024
Марсел футзалдан әлем чемпионатының үздік сұрмергені атанды
Фото: FIFA
Бразилия құрамасының шабуылшысы Марсел Өзбекстанда өткен футзалдан әлем чемпионатының үздік сұрмергені атанды.
Аталған турнирде ол эеті ойын өткізді. Нәтижесінде қарсыластар қақпасына он гол соқты. Әлем чемпионаты қорытындысы бойынша Марсел «Алтын бутсы» алды. Ал жеті голдан соққан Украина құрамасының форварды Даниил Абакшин мен аргентиналық Кевину Аррьете «Күміс бутсы» және «Қола бутсы» алды.
Қазақстан құрамасы сапынан сұрмерген болып бес гол соққан Арнольд Кнауб танылды.
Қазақстан биыл әлем чемпионатында D тобында Испаниямен 1:1 есебімен тең ойнаса, одан кейін Ливияны 4:1, Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде өз тобында Испанияны алға жіберіп, екінші орын алды.
Одан кейін 1/8 финалда Португалияны 2:1 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты. Ал ширек финалда Аргентинаға 1:6 есебімен есе жіберді.