08.12.2024

Футзалдан Еуро-2026: Алдағы екі ойынға кімдер қатысады

Футзалдан Еуро-2026: Алдағы екі ойынға кімдер қатысады

Фото: ҚФФ

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алдағы екі кездесуге қатысатын ойыншылар тізімі белгілі болды.

Ел құрамасы алтыншы топта Армения, Дания және Албаниямен шеберлік байқасады. Топ жеңімпазы Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алады. Екінші орын алғандардың ішінен 8 үздік құрама өтпелі матч ойнайды.
Іріктеу кезеңі 2024 жылдың 13 желтоқсаны мен 2025 жылдың 12 наурызы аралығында болады.

Ел құрамасы 13 желтоқсанда сырт алаңда Албаниямен кездессе, 18 желтоқсанда өз алаңында Арменияны қабылдайды.

Ал 2025 жылдың 1 ақпанында сырт алаңда Даниямен ойнаса, одан кейін аталған құрамамен өз алаңында 5 ақпанда шеберлік байқасады.
Сондай-ақ, 7 наурызда өз алаңында Албанияны қабылдаса, 12 наурызда Армения құрамасына қонаққа барады.
Бас бапкер Рикардо Кака Албания мен Арменияға қарсы екі кездесуде тізімге 17 ойыншы енгізді.

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Лео Игита («Семей»), Нарун Серіков («Қайрат»), Қанат Жеткірбаев («Ақтөбе»);

Алаңдағы ойыншылар: Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Жахангір Рашит, Арнольд Кнауб, Дамир Қайырбай (барлығы – «Қайрат»), Дуглас («Әл-Ула», Сауд Арабиясы), Шыңғыс Есенаманов, Ақжол Дәрібай, Әбдірәсіл Абдуманапұлы, Ержан Карменов (барлығы – «Семей»), Азат Валиуллин, Нұрмұхаммед Исмаилов (екеуі де – «Аят»), Лео Мендонка (РФШ, Латвия), Нұрқанат Бақтияров («Жетісу»).


Баскетбол аңызы Майкл Джорданның ұлы тұтқындалды

Басқа 16 минут бұрын

Баскетбол аңызы Майкл Джорданның ұлы тұтқындалды

Александр Бублик АТР турнирін алғашқы кезеңнен аяқтады

Теннис 1 сағат бұрын

Александр Бублик АТР турнирін алғашқы кезеңнен аяқтады

Вячеслав Левчук «Ақтөбе» бас бапкерінің көмекшісі болды

Футбол 2 сағат бұрын

Вячеслав Левчук «Ақтөбе» бас бапкерінің көмекшісі болды

Қысқы Азиада: Керлингтен Қазақстан құрамасы жеңіліп қалды

Азия ойындары 2 сағат бұрын

Қысқы Азиада: Керлингтен Қазақстан құрамасы жеңіліп қалды

«Атырау» сапына қазақстандық екі ойыншы қосылды

Футбол 3 сағат бұрын

«Атырау» сапына қазақстандық екі ойыншы қосылды

Садриддин Ахмедовтың қарсыласы белгілі болды 

Бокс 4 сағат бұрын

Садриддин Ахмедовтың қарсыласы белгілі болды