13.01.2025
Чесноков еуропалық клубқа ауысуы мүмкін
Ислам Чесноков Шотландия чемпионатына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Edinburgh News басылымы.
«Хартс» клубы қысқы трансферлік терезеде қатарына қазақстандық футболшыны қосқысы келеді. Қазір команда 25 жасар шабуылшының өкілдерімен келіссөз басталып кетті.
Исламның агенті Ярослав Зварыч аталмыш басылымға берген сұхбатында шотландиялық клубтан Чесноков үшін ұсыныс түскендігін растады.
Өткен маусымда қостанайлық «Тобыл» шабуылшысы ішкі біріншіліктегі 21 ойында, 10 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ маусым соңында Жоао Пауло («Қайрат») және Николай Сигневичпен («Атырау») чемпионаттың үздік сұрмергені атағын бөлісіп алды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи