Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

14.01.2025

Қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасынан кімдер ту ұстайды

Қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасынан кімдер ту ұстайды

Фото: olympic.kz

Харбиндегі IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының ту ұстаушыларының есімдері белгілі болды 

Қазақстан құрамасы Қытайдағы IX қысқы Азия ойындарының 10 жарыс тәртібі бойынша барлық алты спорт түріне қатысады. Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов алдағы бәсекеге команданың дайындығы туралы айтып берді.

Оның айтуынша, команданың құрамы бекітілді. Азия ойындарына 138 спортшы аттанады. Олар 51 медаль жиынтығы үшін күресуі керек. Биатлоншыларға, шаңғышыларға, конькимен жүгірушілерге, сондай-ақ қазіргі Азия чемпиондары болып саналатын хоккейшілерге үлкен үміт артылады.

IX қысқы Азия ойындарының ашылу салтанатында хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-тректің өкілі Ольга Тихонова ту ұстайды.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»