20.01.2025
«Қайсар» футбол клубының директоры тағайындалды
Фото: «Қайсар» футбол клубы
Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және турзим басқармасының бұйрығына сәйкес, Талғат Әбдіғаппарұлы «Қайсар» футбол клубының директоры қызметіне тағайындалды.
Жаңа директорды таныстыру мақсатында басқарма басшысы Бақтияр Артаев келді. Ол футбол клубының алдында тұрған зор міндетті сабақтап, жаңа басшыға артылар аманат ауқымды екенін жеткізді. Сөйтіп, Талғат Әбдіғаппарұлына сәттілік тіледі.
Өз кезегінде Талғат Әбдіғаппарұлы: әріптестермен бірге «Қайсардың» жаңа маусымда жақсы нәтижеге жетуге атсалысатынын айтып, команда жауапкершілігі ортақ екенін білдірді.
Айта кетейік, Талғат Әбдіғаппарұлы 1984 жылы 29 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қазақстан халықтар достығы инженерлік-педогогикалық университетін дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша оқыған. “Қайсар” футбол клубына дейін облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына қарасты түрлі спорт мектептерінде лауазымды қызметтер атқарған.
Айта кетсек, бұдан бұрын келісім шарт мерзімінің аяқталуына байланысты “Қайсар” футбол клубының директоры Садық Мұстафа қызметінен кетті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас