23.01.2025

Жоао Оливейра «Жеңіс» сапынан кетті 

Жоао Оливейра «Жеңіс» сапынан кетті 

Фото: «Жеңіс» футбол клубы

Астаналық «Жеңіс» 33-жастағы португалиялық футболшы Жоао Оливейраның команда құраманынан кеткенін хабарлады. 

Жоао - «Брага» футбол клубының академиясының түлегі. Кәсіби мансабын ол 2015 жылы бастаған. Мансабында «Ольяненсе», «Визела», «Академику де Визеу» және польшалық «Сосновец» клубтарында доп тепкен.

Өткен маусымда Жоао Оливейра елордалық клуб сапында 13 ойынға қатысты. 


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас