23.01.2025
Бүгін УЕФА Еуропа лигасы негізгі кезеңінің жетінші туры өтеді.
Фото: olympic.kz
Аталған турдағы негізгі кездесудің бірі «Манчестер Юнайтед» (Англия) пен «Глазго Рейнджерс» (Шотландия) командалары арасында өтедіі. Ағылшындық клуб бұдан бұрын қатарынан үш мәрте жеңіске жетті. Оған дейін үш мәрте тең түсті.
Ендігі кезекте жеңісті жолды жалғастыра ала ма? Оны бүгінгі ойын барысында бағамдайтын боламыз.
Бұл кездесу қазақстандық уақытпен 00:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.
Сондай-ақ аталған телеарнаддан сағат 22:35-те «Порту» (Португалия) мен «Олимпиакос» (Грекия) кездесуі тікелей эфирде көрсетіледі.
Ал 00:50-де жанкүйерлер «Qazaqstan» телеарнасынан «Лацио» (Италия) мен «Реал Сосьедад» (Испания) кездесуін тікелей эфирде тамашалай алады.
Жетінші турдағы өзге ойындар:
«Порту» (Португалия) - «Олимпиакос Пирей» (Грекия)
АЗ «Алкммар» (Нидерланд) - «Рома» (Италия)
«Виктория Пльзень» (Чехия) - «Андерлехт» (Бельгия)
«Бодо-Глимт» (Норвегия) - «Маккаби Тель-Авив» (Израиль)
«Мальмё» (Швеция) - «Твенте» (Нидерланд)
«Хоффенхайм» (Германия) - «Тоттенхэм Хотспурс» (Англия)
«Фенербахче» (Түркия) - «Лион» (Франция)
«Айнтрахт» (Германия) - «Ференцварош» (Венгрия)
«Эльфсборг» (Швеция) - «Ницца» (Франция)
«Юнион Сен-Жилуаз» (Бельгия) - «Спортинг Брага» (Португалия)
«Карабах» (Әзербайжан) - ФКСБ (Румыния)
РФШ (Латвия) - «Аякс» (Нидерланд)
ПАОК (Грекия) - «Славия Прага» (Чехия)
«Лудогорец» (Болгария) - «Мидтьюлланн» (Дания)
Аталған турдағы «Галатасарай» (Түркия) мен «Динамо Киев» (Украина) кездесуінде 3:3 есебі тіркелсе, «Бешикташ» (Түркия) өз алаңында «Атлетик» (Испания) клубын 4:1 есебімен жеңді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас