23.01.2025
Қысқы Универсиада ойындары мәресіне жетті
Фото: torino2025_fisugames
Қазақстандық спортшылар XXXII қысқы универсиада ойындарын жалпы 14 жүлдемен аяқтады.
Италияның Турин қаласында өткен қысқы универсиадада Қазақстан қоржынына 3 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль түсті.
Назарларыңызға байрақты бәсекеде ел абыройын үстем еткен спортшыларды ұсынамыз.
Алтын жүлдегерлер: Анастасия Городко (фристайл могул); Анастасия Городко (параллель могул); Никита Акимов (биатлон).
Күміс жүлдегерлер: Аяулым Әміренова (параллель могул); Антон Бондарев (параллель могул); Денис Зинов (2) (парашаңғы жарысы).
Қола жүлдегерлер: Роман Құрбанов (2) (парашаңғы жарысы); Софья Самоделкина (мәнерлеп сырғанау); Арина Крюкова (биатлон); Кирилл Бауэр (биатлон); Алина Әжіғалиева, Валерий Клименко, Дінмұхамедалдияр Тәжібай, Малика Ермек (шорт-трек, аралас эстафета); Дінмұхамедалдияр Тәжібай, Валерий Клименко, Айбек Темірхан, Санжар Жанысов, Әлішер Абдулкатимов (шорт-трек, ерлер эстафетасы).
Осылайша, ел құрамасы универсиада ойындарын жалпыкомандалық есепте 12 орында аяқтады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Азамат Бақи