11.02.2025
Қазақстан хоккейшілері жартылай финалға өтті
Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азиаданың жартылай финалына шықты
Бүгін Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында хоккейден еліміздің ерлер құрамасы ширек финалда Гонконгтан басым түсті.
Олег Болякин шәкірттері қарсылас қақпасына жауапсыз 24 шайба тоғытты.
Есеп: 24-0. Бұл осы ойындардағы ең ірі есеп.
Енді жартылай финалда біздің хоккейшілер Оңтүстік Корея/Қырғызстан арасындағы жеңімпазбен ойнайды.
Еске сала кетейік, Қазақстан топтық кезеңде Қытай, Жапония, Қытайдың Тайпей және Оңтүстік Корея командасын ұтып, ұпайдан шашау шығармаған.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов