Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

16.02.2025

Юлия Путинцева Дубайдағы турнирді алғашқы кезеңнен аяқтады

Юлия Путинцева Дубайдағы турнирді алғашқы кезеңнен аяқтады

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Юлия Путнцева Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің алғашқы айналымынан әрі аса алмады.

Жарыстың 1/32 финалында Юлия Путинцева (WTA: 20 орын) Линда Носковамен (WTA: 33 орын) кездесті.
Қос теннисші кортта 1 сағат 29 минут уақыт өткізді. Нәтижесінде чехиялық теннисші Юлиядан 2:0 (6:2; 7:6) есебімен басым түсті.

Осылайша Носкова екінші матч қатарынан отандасымызды жеңіп кетті. Еске салсақ, осыдан 5 күн бұрын Носкова Путинцеваны Қатар астанасы Дохада өткен WTA 1000 турнирінде 2:0 (6:2; 6:3) есебімен сан соқтырған болатын.

Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 3 654 963 долларды құрайды.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»