5 сағат бұрын
Ұлттық құрама неге жеңіліске ұшырады: Кака футзалдағы басты мәселелерді атады

«Біз өз деңгейімізге сай ойын көрсете алмадық. Құрамды жасарту мәселесі бар, жарақаттар бар, көшбасшылар бұл матчқа қатыса алмады. Бұл – ақталу емес, бірақ осы факторлар бүгінгі нәтижеге әсер етті.
Егер бұрын Еуро-2026-ға жолдама алу өз қолымызда болса, қазір біз басқа командалардың нәтижелеріне тәуелдіміз. Дегенмен, тіпті 1% мүмкіндік болса да, біз 99% күш-жігерімізді жұмсаймыз.
Сәуір айында Вьетнам құрамасымен жолдастық кездесу жоспарланған. Сондай-ақ Еуро-2026 топтық кезеңіндегі үздік сегіз екінші орын иегері анықталады. Менің ойымша, біз тікелей жолдаманы бүгін емес, Даниямен өткен сырт алаңдағы ойында жоғалттық. Біз өзімізді осындай жағдайға түсірдік. Енді оны өзгерту қолымыздан келмейді. Басқа нәтижелерді күтуге мәжбүрміз.
Қазір құрамамыз қайта құрылу кезеңінен өтіп жатыр. Жаңа ойыншылар келуде, Игита ойнамайды. Ал басқа командалардың деңгейі көтерілді. Бұл біз үшін қиын кезең. Тұрақтылық жетіспейді. Бүгін біз басымдық таныттық. Алайда қақпаға жіберілген голдар бізді тұралатып кетті. Сондықтан қиындықтарға қарамастан, қорытынды шығарып, әрі қарай жұмыс істейміз», – деді бас бапкер.
