2 сағат бұрын
Қазақстан құрамасына тағы бір бразилиялық қосылады

Рикардо Кака күзде қатарға «Аяттың» бразилиялық ойыншысы Жеже қатарға қосылатынын хабарлады.
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері бұл жайлы Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында айтты.
Жеже Қазақстанға 2020 жылы келді. ФИФА ережесіне сәйкес бір елде үздіксіз бес жыл тұрған адам ол елдің намысын қорғай алады. 25 жастағы ойыншы «Аят» сапында 150 матч өткізіп, 108 гол соққан.
Айта кетейік, қазіргі уақытта ұлттық құрамада үш бразилиялық бар: Дуглас Жуниор, Лео және Игита.
