23.03.2025
«Семей» - футзалдан 2025 жылғы Қазақстан кубогының иегері

Фото: Қазақстан футзал қауымдастығы
Семей» футзалдан 2025 жылғы Қазақстан кубогы иегері атанды.
Семейлік клуб финалда алматылық «Қайрат» командасымен шеберлік байқасқан еді. Ойын барысында олардың белсенділігі байқалды. Олардың қатарынан Кайо Торрес 3, 19, Дедезиньо 16, Кандидо 22, Дәрібай 36-минутта мергендік танытса, оған алматылық клубтан Денер 24-минутта бір голмен жауап қайырды.
Осылайша «Семей» қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсіп, өз тарихында алғаш рет Қазақстан кубогына ие болды.
2024 жылы екі команда Қазақстан кубогы финалында шеберлік байқасқан еді. Ол жолы алматылық клуб жеңіс тұғырына көтеріліп, аталған қарсыласынан 5:3 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, жартылай финалда «Қайрат» Рудныйдың «Аят» командасын 3:0, «Семей» «Ақтөбені» 5:2 есебімен жеңген еді.
