6 күн бұрын
«Семей» футзал клубының жаңа бас бапкері кім?

«Семей» футзал клубының бас бапкері болып Аслан Смаков тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz
«Аслан Смаков команданың бас бапкері атанды! Бұған дейін ол бас бапкердің міндетін атқарушысы болды, осы уақыт аралығында «Семей» айтарлықтай жетістіктерге жетіп, Қазақстан Кубогын жеңіп алды.
Смаков – тәжірибелі маман, нағыз көшбасшы және стратег, оның ойынға деген көзқарасы мен кәсібилігі командаға жоғары нәтиже көрсетуге көмектесті.
Оның жетекшілігімен «Семей» жаңа жүлделер үшін күресті жалғастырып, жанкүйерлерін тамаша футзалмен қуантып, ел чемпионатындағы позициясын нығайтады», — делінген клубтың ресми парақшасында.
Айта кетелік, кеше «Семей» футзал клубы Қазақстан кубогының иегері атанды. Команда финалда алматылық «Қайратты» 5:1 есебімен жеңді.
