2 күн бұрын
Қазақстан жастар құрамасы өз тобында үшінші орын алды

Фото: ҚФФ
Футзалдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады.
Үшінші кездесуінде қазақстандық ойыншылар Беларусьпен шеберлік байқасты.
Кездесу барысында ел құрамасынан Әлихан Хасен мен Әлмерек Тілеуберген гол соқса, оған беларусьтік футзалшылар бір голмен жауап қайырды.
Осылайша қазақстандық жастар қарсыласын 2:1 есебімен жеңіп, іріктеу кезеңінде үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетсек, бұдан бұрын отандастарымыз Франция мен Португалиядан 1:3 есебімен жеңіліп қалған еді.
Құрлықтық дода қазақстандық жастар төмендегі құрамда ойын көрсетті.
Қақпашылар: Әскер Наурызбаев («Байтерек»), Артур Галиханов («Аят»);
Алаңдағы ойыншылар: Георгий Калачев («Тұлпар»), Алязиз Камалов, Әлихан Хасен, Сайфулла Коспанов (барлығы — «Ақтөбе»), Әлімжан Сейіттнұр («Жетісу»), Нұрмұхамед Исмайылов, Заур Гайдаржи (екеуі — «Аят»), Диас Нышанов («Ордабасы»), Әлмерек Тілеуберген («Қайрат»), Семен Тарасенко («Тюмень», Ресей).
