05.04.2025
FIFA рейтингі жаңарды: Қазақстан құрамасы нешінші орында?
Фото: Қазақстан футзал құрамасы
FIFA футзал құрамалары арасындағы рейтингті жаңартты.
Нәтижесінде Қазақстан құрамасы бесінші орыннан жетінші сатыға түсіп қалды.
Аталған рейтингтің көшін Бразилия құрамасы бастап тұр. Екінші орынға Португалия мықтап жайғасқан. Испания Аргентинаны басып озып, үздік үштіктің қатарына қосылды. Ал Иран мен Марокко өз позицияларын жақсартып, Қазақстан құрамасын артқа тастады.
FIFA нұсқасы бойынша әлемнің үздік 10 футзал құрамасы:
- (-) Бразилия
- (-) Португалия
- (+1) Испания
- (-1) Аргентина
- (+1) Иран
- (+1) Марокко
- (-2) Қазақстан
- (-) Ресей
- (-) Украина
- (-) Франция
Еске салсақ, ел құрамасы өткен айда Арменияға жол беріп, Еуро-2026 турниріне тікелей шыға алмаған еді. Енді Пауло Рикардо Кака шәкірттері тоғыспа кезеңде өз мүмкіндіктерін қайта сынайды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Азамат Бақи