10.04.2025
2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына футзал қосылуы мүмкін

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына футзал мен жағажай футболы қосылуы мүмкін.
Бұл туралы халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантино әлеуметтік желісінде хабарлады.
— Біз 2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына футзал мен жағажай футболын қосу үшін Халықаралық олимпиадалық комитетпен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз,– деді Джанни Инфантино.
Еске салсақ, төрт жылдықтың басты додасы 2028 жылдың 14-30 шілде күндері аралығында АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтеді.
