1 күн бұрын
Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін Вьетнаммен ойнайды

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Вьетнаммен тағы бір мәрте жолдастық кездесу өткізеді.
FIFA күнтізбесіне сәйкес ұлттық құрама 8-16 сәуір аралығында оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырды. Олар оқу-жаттығу жиыны аясында Вьетнаммен шеберлік байқасуға мүмкіндік алды.
Бүгінгі кездесу уақыты сағат 16:00-ге белгіленген.
FIFA рейтингінде қазақстандық футзалшылар жетінші орында тұрса, Вьетнам отыз бірінші орынға жайғасқан.
Оқу-жаттығу жиыны 8 сәуірде Астанада басталды. Оған 14 ойыншы қатысты.
Айта кетсек, екі құрама арасындағы алғашқы кездесуде вьетнамдық футзалшылар 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Еске салсақ, FIFA жариялаған футзал құрамаларының рейтингінің жаңартылған нұсқасында Қазақстан ұлттық құрамасы жетінші орынға тұрақтады. Ол бұрынғы орнынан екі сатыға төмендеді.
Ел құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатында өз тобында екінші орынды місе тұтты.
Отандастарымыз осылайша құрлықтық додаға тікелей шығу мүмкіндігін жоғалтып алды. Бұл топта 16 ұпаймен бірінші орынға Армения құрамасы табан тіреді.
Енді қазақстандық футзалшылар екінші орын алған құрамалар плей-офф кезеңіне қатысады.
