18 сағат бұрын

Жұмысшы мамандықтар жылы: футзалдан Бекзат Саттарханов кубогы үшін жарыс өтті

Жұмысшы мамандықтар жылы: футзалдан Бекзат Саттарханов кубогы үшін жарыс өтті

Астана қаласындағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде жұмысшы мамандықтар жылына орай футзалдан Бекзат Саттарханов кубогы үшін жарыс өтті.

Салтанатты шараға өмірден ерте өткен белгілі боксшының анасы Сырлыкүл апай арнайы келді. Ол кісі жарыс басталадардан бұрын әлем ареналарында желбіретер болашақ чемпиондар ордасын аралап шықты.

Жарыстың ашылу салтанатына еліміздің беделді азаматтары арнайы келіп, қолдау «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұқаш Искандиров, Ринат Заитов, Мақсат Толықбай, Аманжол Әлтай, Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден, Астана қалалық «AMANAT» партиясы филиалының Атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек, Астана қаласы мәслихатындағы фракция жетекшісі, депутат Ғабит Тәжімұратов, Астана қаласы мәслихатының депутаты, қалалық футбол федерациясының президенті Давид Лория жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бас жүлдеге тігілген 5 000 000 теңге лайықты түрде нағыз мықтылардың еншісіне бұйырды. Нәтижесінде «КазақТелеком» командасы бас жүлдеге қол жеткізсе, «REMONTEX» пен «Астана Су Арнасы» командалары өзара бөлісті. 

- Бұл жеңістер – жанкештілік, еңбекқорлық және шынайы командалық рухтың айқын көрінісі. Футзал – бұл жай ғана спорт емес. Бұл – жылдамдық, шеберлік, тактика мен эмоцияның жарылуы. Турнир аясындағы әр ойын еңбек адамының қайсар мінезі мен биік рухын паш етіп, көрермендерге шынайы мереке сыйлады, - деді жарысты ұйымдастырушылар. 

Аталған шараға «BELES HOLDING» құрылыс компаниясы бас демеушілік етті. Ал, жүлдегер командалар мен үздік ойыншылар ойын соныңда арнайы сыйлықтармен марапатталды.


Қызылордада грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды

Күрес 1 сағат бұрын

Қызылордада грек-рим күресінен халықаралық турнир басталды

Сәкен Бибосынов Ресейдегі турнирде чемпион атанды

Футбол 1 сағат бұрын

Сәкен Бибосынов Ресейдегі турнирде чемпион атанды

ҚФФ президенті жол апатынан қайтыс болған балалар бапкерінің отбасына көңіл айтты

Футбол 2 сағат бұрын

ҚФФ президенті жол апатынан қайтыс болған балалар бапкерінің отбасына көңіл айтты

Ақмола облысында балалар командасы мінген автобус аударылып қалды

Басқа 2 сағат бұрын

Ақмола облысында балалар командасы мінген автобус аударылып қалды

Сәкен Бибосынов Ресейдегі турнирде топ жарды

Бокс 2 сағат бұрын

Сәкен Бибосынов Ресейдегі турнирде топ жарды

Криштиану Роналду АПЛ-ге оралуы мүмкін

Футбол 3 сағат бұрын

Криштиану Роналду АПЛ-ге оралуы мүмкін