14 сағат бұрын
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» финалда «Пальмамен» кездеседі

Фото: UEFA.com
Алматылық «Қайрат» футзалдан Чемпиондар Лигасының финалында испаниялық «Пальмамен» кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Финалдық матч жексенбі, 4 мамырда Қазақстан уақыты бойынша сағат 23:00-де басталады.
Еске салсак, жартылай финалда «Қайрат» тағы бір испаниялық «Картахена» клубымен ойнап, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Алматы командасының құрамында дубльмен Алиссон (16, 37-минут), сондай-ақ Деннис (39-минут) ерекшеленді. Ал «Картахенада» Мигель Анхель Мельядо (20-минут) және Габриэль Мотта (40-минут, пенальтиден) гол соқты.
«Пальма» жартылай финалда португалдық «Спортингті» 3:0 есебімен жеңді. Испандықтар сапынан Иса Гордильо (28-минут), Марио Ривильос (39-минут) және Луан Мюллер (40-минут) гол соқты.
