12 сағат бұрын

«Қайрат» капитаны финал алдында мәлімдеме жасады

«Қайрат» капитаны финал алдында мәлімдеме жасады

Футзалдан Чемпиондар лигасының жартылай финалында испаниялық «Картахена» клубын 3:2 есебімен жеңген «Қайрат» командасының капитаны Біржан Оразов матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz

— Ең алдымен жанкүйерлерді жеңіспен құттықтаймын. Бұл өте қиын ойын болды. Біз оған тыңғылықты дайындалдық. Қарсыласымызды жан-жақты зерттедік деп ойлаймын және бұл жеңіс — біздің еңбегіміздің жемісі. Біз финалдамыз және бар күшімізді салып, жеңіске жетуге тырысамыз. Чемпиондар лигасының көптен күткен кубогын Алматыға алып келеміз деп үміттенемін, — деді Оразов.

Сұхбат барысында бірінші таймда ақсаңдап жүргені туралы сұраққа да жауап берді:

— Аяғым ауырып тұр7Бірақ оған назар аударғым келмейді. Алда — финал. Жарақат болса да, біз жеңіс үшін бар күшімізді саламыз.

Еске сала кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасының финалында 4 мамыр күні Испанияның «Пальма» командасымен кездеседі.

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы рейтингте ең жоғары көрсеткішке жетті

Теннис 2 сағат бұрын

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы рейтингте ең жоғары көрсеткішке жетті

ҚПЛ: «Атырау» сегізінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татты

Футбол 2 сағат бұрын

ҚПЛ: «Атырау» сегізінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татты

Астанада өткен хоккей турнирінде Беларусь чемпион атанды

Хоккей 3 сағат бұрын

Астанада өткен хоккей турнирінде Беларусь чемпион атанды

Артем Дзюба келесі маусымда қайда ойнайтынын анықтады

Футбол 4 сағат бұрын

Артем Дзюба келесі маусымда қайда ойнайтынын анықтады

Даңқты боксшы Мэнни Пакьяо кәсіби рингке оралады

Бокс 4 сағат бұрын

Даңқты боксшы Мэнни Пакьяо кәсіби рингке оралады

Елена Рыбакина бақ сынайтын келесі турнир анықталды

Теннис 5 сағат бұрын

Елена Рыбакина бақ сынайтын келесі турнир анықталды