03.05.2025
«Картахена» ойыншысы жеңілістің себебін түсіндірді

Испаниялық «Картахена» клубының ойыншысы Мельядо футзалдан Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы алматылық «Қайратқа» қарсы матчтағы жеңіліс жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz
— Чемпиондар лигасының жартылай финалында осыншама мүмкіндікті жіберіп алып, жеңіске жету өте қиын. Финалдық кезеңге жету үшін көп еңбектендік. Cондықтан мұндай жолмен жеңілу — өте ауыр, — деді испаниялық футзалшы.
Еске салайық, Францияның Ле-Ман қаласында өткен кездесуде «Қайрат» «Картахенаны» 3:2 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Алматы клубы енді Испанияның тағы бір ұжымы — «Пальмаға» қарсы алаңға шығады.
