05.05.2025
Төрттіктің финалы: «Қайрат» «Пальмадан» жеңіліп жатыр

Фото:UEFA.com
Футзалдан Чемпиондар лигасы финалындағы қазақстандық «Қайрат» пен Испанияның «Пальма» кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алғашқы минуттан қос команда бірден шабуылға көшті. Екеуінің де гол соғатын мүмкіндігі болды. Десе де оны өз пайдасына жарата алған жоқ.
Ойынның 6-минутында испаниялық клубтан Хесус Гордильо мергендік танытса, оған 8-минутта «Қайрат» сапынан Кайо Руис бір голмен жауап қайырды.
Ал 18-минутта «Пальма» сапынан Лукас Машадо тағы бір гол соқса, 19-минутта Марио Равильос есепті үстемелей түсті.
Осылайша бірінші кезеңнен кейін алматылық клуб қарсыласына 1:3 есебімен жеңіліп жатыр.
Айта кетсек, 3-орын үшін ойында Португалияның «Спортинг» клубын 3:2 есебімен жеңген Испанияның «Картахена» командасы қола медаль алды.
