05.05.2025

«Тактика тұрғысынан қателестік»: «Қайрат» футзал клубының президенті жеңілістің себебін түсіндірді

«Тактика тұрғысынан қателестік»: «Қайрат» футзал клубының президенті жеңілістің себебін түсіндірді

Фото: «Қайрат» ФК

Футзалдан «Қайрат» клубының президенті Қайрат Оразбеков Чемпиондар лигасы финалындағы «Пальмаға» қарсы ойынға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

– Менің ойымша, бұл ойында тактикалық тұрғыда қателік кетті. «Картахенаға» қарсы матчтағыдай, бізге екінші нөмірмен ойнаған тиімді болар еді. Алайда «Пальманың» ойын стиліне бейімделіп, олардың алаңында Луанға жоғары прессинг жасағанымыз дұрыс шешім болмады. Бұл қателік бізді бірінші таймның соңында екі голмен жазалады. Осы сәттен кейін ойын тізгінін қайта қолға алу қиынға соқты. Сонымен қатар, Чемпиондар лигасын екі мәрте жеңіп алған қарсылас 12 ойыншысын кезектестіріп қосып отырғанда, біз бар-жоғы 8 ойыншымен жоғары прессинг ұйымдастыруға тырыстық. Егер дәл осы тактиканы таңдаған болсақ, біз де толық құраммен ойнауға тиіс едік,– деді Қайрат Оразбаев.

Еске салсақ, «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының финалында испаниялық «Пальмаға» 4:9 есебімен ойсырай жеңілген болатын. Финалдық кездесуде алматылық ұжым сапынан Кайо Руис, Дәурен Тұрсағұлов, Жахангир Рашид және Кевин Аррьета гол соғып, көзге түсті.

Астанада шинкиокушинкай каратэден халықаралық турнирге 500-ден астам қатысушы жиналды

Басқа 5 сағат бұрын

Астанада шинкиокушинкай каратэден халықаралық турнирге 500-ден астам қатысушы жиналды

Елордада экологиялық акция аясында велошеру өтті

Басқа 6 сағат бұрын

Елордада экологиялық акция аясында велошеру өтті

Шавкат Рахмоновтың байырғы қарсыласы Белал Мухаммадпен айқасуға дайын екендігін айтты

ММА/UFC 7 сағат бұрын

Шавкат Рахмоновтың байырғы қарсыласы Белал Мухаммадпен айқасуға дайын екендігін айтты

Дулат Бекбауовтың кәсіби рингтегі алғашқы қарсыласы белгілі

Футбол 7 сағат бұрын

Дулат Бекбауовтың кәсіби рингтегі алғашқы қарсыласы белгілі

«Қайрат» ойыншысы Чемпиондар лигасы жайлы мәлімдеме жасады

Футбол 9 сағат бұрын

«Қайрат» ойыншысы Чемпиондар лигасы жайлы мәлімдеме жасады

Футболдан 14-тур ойындары басталады

Футбол 10 сағат бұрын

Футболдан 14-тур ойындары басталады