16.05.2025
«Қайрат» футзал клубы сенсациялық жеңіліске ұшырады

Қазақстан футзал чемпионатының 42-турында «Қайрат» клубы «Семейді» қабылдады, деп хабарлайды Sports.kz.
Алматылық клуб бұл кездесуде фаворит саналғанымен, күтпеген жерден 3:5 есебімен жеңіліске ұшырады. «Семей» сапынан Шыңғыс Есенаманов (4 және 16-минут), Никита Емельянов (6-минут) және Дедезиньо Андерсон (8 және 11-минут) гол соқты. Ал «Қайрат» құрамынан Алиссон (10-минут) және Кевин Арриета (14 және 26-минут) мергендік танытты.
Бұл жеңістің арқасында «Семей» 103 ұпай жинап, чемпионаттағы көшбасшылық орнын нығайтты. «Қайрат» 97 ұпаймен екінші орынды сақтап қалды. Еске сала кетейік, бұған дейін, 41-тур аясында өткен кездесуде «Қайрат» «Семейді» 3:1 есебімен жеңген болатын.
