31.05.2025
«Барыс» бір мезетте жеті легионермен қош айтысты

Фото: «Барыс» ХК
«Барыс» хоккей клубы келісімшарттың аяқталуына байланысты жеті ойыншымен қош айтысты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
— Келісімшарттар мерзімінің аяқталуына байланысты «Барыстан» қақпашы Юхан Маттссон, қорғаушылар Виктор Антипин мен Илья Хохлов, сондай-ақ шабуылшылар Антон Бурдасов, Станислав Бочаров, Никита Сетдиков және Дамир Жафяров кететін болды. Клуб хоккейшілерге Астанада өткізген уақыттары үшін алғыс білдіреді және алдағы мансаптарына сәттілік тілейді, — делінген хабарламада.
Еске салайық, елордалық ұжым 2024/25 жылғы ҚХЛ маусымында Шығыс конференциясында 68 матчта бар болғаны 35 ұпай жинап, соңғы орынға тұрақтады.
