2 күн бұрын
Қазақстан құрамасының қақпашысы тарихи жетістікті жаңғыртты

Максим Павленко соңғы 15 жылда Америкалық хоккей лигасында (АХЛ) өнер көрсететін алғашқы қазақстандық хоккейші атанды, деп хабарлайды Sport12.kz
Павленко АХЛ-де ойнайтын «Уилкс-Барре/Скрантон Пингвинз» клубымен келісімшартқа қол қойды. Бұл клуб — Ұлттық хоккей лигасындағы (НХЛ) «Питтсбург Пингвинз» командасының фарм-клубы.
Айта кетейік, бұған дейін АХЛ-де қазақстандық ойыншы (Константин Пушкарёв) соңғы рет 2009–2010 маусымында өнер көрсеткен болатын. Ол маусымда Пушкарёв 58 матчта 19 (9+10) ұпай жинап, плей-офф кезеңінде 4 кездесуде 2 (1+1) ұпай еншілеген.
