08.06.2025
Қазақстандық хоккейші Солтүстік Американың клубына ауысты
Фото: IIHF
Хоккейден Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Артур Гросс мансабын Солтүстік Америкада жалғастырады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз Солтүстік Америка хоккей лигасының «Мейн Нордикс» клубымен келісімшартқа отырды.
20 жастағы ойыншы өткен маусымды «Снежные Барсы» сапында өткізіп, жастар хоккей лигасының 39 матчында 22 (10+12) ұпай жинады.
Сондай-ақ, Гросс құрлықтық хоккей лигасында «Барыс» жейдесінде жеті ойын өткізген.
Ал Артур Қазақстан жастар құрамасының намысын 5 матчта қорғап, 4 (3+1) мәрте нәтижелі әрекетімен көзге түсті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Азамат Бақи