10 сағат бұрын

ҚХЛ мен «Барыс» клубты дамыту бағыттарын талқылады

ҚХЛ мен «Барыс» клубты дамыту бағыттарын талқылады

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Ресей астанасы Мәскеуде Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) мен «Барыс» хоккей клубының басшылығы арасында жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Елордалық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуге ҚХЛ президенті Алексей Морозов пен «Барыс» клубның бас директоры Сәкен Мұсайбеков қатысты.

Кездесу барысында тараптар жаңа маусымға дайындықтың негізгі бағыттарын талқылады.

Соның ішінде спорттық және ұйымдастыру мәселелері, маркетингтік стратегия және клуб инфрақұрылымын дамыту жайы сөз болды.

Матчтарды жоғары деңгейде өткізу, клуб брендін жақсарту, әлеуметтік желідегі белсенділікті арттыру мен заманауи видеоконтент әзірлеуге ерекше көңіл бөлінді.

Сонымен қатар жанкүйерлермен және демеушілермен жұмысты күшейту, мұз айдынын жаңғырту, сондай-ақ жастар хоккейін дамыту мәселелері көтерілді. Атап айтқанда, балалар мен жасөспірімдер мектебі командаларының Орал, Сібір және Еділ өңірлеріндегі жарыстарға қатысуы талқыланды.

Кездесу қорытындысында ҚХЛ мен «Барыс» өкілдері өзара ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендерін мәлімдеді. Олар «Барыс» клубының ҚХЛ-дегі орнын нығайту, «Снежные Барсы» командасының Жастар хоккей лигасында және 3х3 форматындағы ҚХЛ чемпионатында қатысуы бойынша жоспарларын нақтылады.

Универсиададағы алғашқы жүлде: Айбота Ертайқызы қола жүлде алды

Басқа

Универсиададағы алғашқы жүлде: Айбота Ертайқызы қола жүлде алды

Александр Бублик Швейцариядағы ATP250 турнирінің финалына шықты

Теннис 18 минут бұрын

Александр Бублик Швейцариядағы ATP250 турнирінің финалына шықты

Соңғы минуттағы камбэк: «Жеңіс» сырт алаңда сенсация авторы атанды

Футбол 53 минут бұрын

Соңғы минуттағы камбэк: «Жеңіс» сырт алаңда сенсация авторы атанды

«Қайсар» биылғы маусымда ел чемпиондарынан жеңілмеді

Футбол 57 минут бұрын

«Қайсар» биылғы маусымда ел чемпиондарынан жеңілмеді

Триатлоннан Азия кубогында Қазақстан құрамасы екі медаль алды

Басқа 5 сағат бұрын

Триатлоннан Азия кубогында Қазақстан құрамасы екі медаль алды

ҚХЛ мен «Барыс» клубты дамыту бағыттарын талқылады

Хоккей 10 сағат бұрын

ҚХЛ мен «Барыс» клубты дамыту бағыттарын талқылады