7 сағат бұрын

Евгений Королев «Барыс» командасының бас бапкерінің міндетін уақытша атқарады

Евгений Королев «Барыс» командасының бас бапкерінің міндетін уақытша атқарады

Фото. «Барыс» хоккей клубы

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Sport12kz.

Мұндай шешім елордалық клубтың Құрлықтық хоккей лигасының өткен маусымында тіркелген төмен спорттық көрсеткішіне байланысты қабылданып отыр. Осындай себеппен «Барыс» басшылығы негізгі команданың бапкерлер құрамында өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.

Айта кетсек, қазірге дейін «Барыс» командасы бас бапкерінің міндетін Ғалым Мәмбетәлиев атқарып келді. Ол бұл қызметке өткен жылдың қазан айында келген еді. 

Биыл «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында сәтсіз ойын көрсетті. Шығыс конференциясында 12 орын алып, 68 ойыннан кейін небәрі 35 ұпай жинады.

Қазір елордалық клуб жаңа маусымға дайындығын бастап кетті. Оқу-жаттығу жиынының негізгі бөлігі Астана қаласында өтеді. Алдымен медициналық комиссия тексеруінен кейін екіжақты келісімшартқа қол қойған хоккейшілер 15 шілдеден бастап дайындыққа кірісті. Ал 1 тамыздан бастап біржақты келісімшартқа қол қойған хоккейшілер олардың қатарына қосылады.

Елордалық команда 26-29 тамыз аралығында Ресейдің Магнитогорск қаласындағы халықаралық «Иван Ромазан мемориалы» турниріне қатысады.

Қазақстандық клуб жаңа маусымда алғашқы үш ойынды елордада өткізеді. Алдымен 7 қыркүйекте Ресейдің «Трактор» (Челябинск) командасымен кездессе, одан кейін 9 қыркүйекте «Амур» (Хабаровск), 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубтарымен шеберлік байқасады. 


 

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролига ойындарына қатысады

Футбол 5 сағат бұрын

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролига ойындарына қатысады

«Қайрат» Куопиода ойын алды жаттығуын өткізді (ФОТО)

Футбол 6 сағат бұрын

«Қайрат» Куопиода ойын алды жаттығуын өткізді (ФОТО)

World Boxing: Елдос Сайдалин  Азия чемпионатында кімдерге сенім артты?

Бокс 7 сағат бұрын

World Boxing: Елдос Сайдалин Азия чемпионатында кімдерге сенім артты?

Евгений Королев «Барыс» командасының бас бапкерінің міндетін уақытша атқарады

Хоккей 7 сағат бұрын

Евгений Королев «Барыс» командасының бас бапкерінің міндетін уақытша атқарады

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» бүгін «КуПС» командасымен кездеседі

Футбол 8 сағат бұрын

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» бүгін «КуПС» командасымен кездеседі

Футболдан әйелдер арасындағы ел чемпионатында БИІК жеңісті сериясын жалғастырды

Футбол 16 сағат бұрын

Футболдан әйелдер арасындағы ел чемпионатында БИІК жеңісті сериясын жалғастырды