12.08.2025
«Барыстың» елордада өтетін екі ойынының уақыты өзгерді

Фото. «Барыс» хоккей клубы
ҚХЛ ТВ лигасы телеарналарда тікелей эфирді ұйымдастыру үшін келесі матчтардың басталу уақытын ауыстыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық клуб Құрлықтық хоккей лигасындағы жаңа маусымда алғашқы үш ойынды елордада өткізеді. Алдымен 7 қыркүйекте Ресейдің «Трактор» (Челябинск) командасымен кездессе, одан кейін 9 қыркүйекте «Амур» (Хабаровск), 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубтарымен шеберлік байқасады.
«Барыс» – «Трактор» (2025 жылдың 7 қыркүйегі) Астана уақыты бойынша 17:00-ден 16:30-ға;
«Барыс» – «Амур» (2025 жылдың 9 қыркүйегі) Астана уақыты бойынша 19:30-дан 19:00-ге ауыстырды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
