10 сағат бұрын
«Барыс» ресейлік клубтан Дмитрий Бреусті жалға алды

Фото: «Барыс» хоккей клубы
«Барыс» хоккей клубы Нижний Новгородтың «Торпедо» командасынан қазақстандық қорғаушы Дмитрий Бреусті жалға алды. Келісім бір маусымға есептеліп, 2026 жылдың 31 мамырына дейін күшінде болады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Айта кетсек, бұдан бұрын елордалық клубпен АҚШ хоккейшісі Иэн Маккош, Джейк Масси, ресейлік Юрий Паутов, Владимир Волков, Эмиль Галимов, қазақстандық Кирилл Панюков, Кириллом Савицкий, Батырлан Мұратов, Роман Старченко келісімшартқа қол қойды.
Биыл «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында сәтсіз ойын көрсетті. Шығыс конференциясында 12 орын алып, 68 ойыннан кейін небәрі 35 ұпай жинады.
Жаңа маусымға оқу-жаттығу жиынының негізгі бөлігі Астана қаласында өтіп жатыр. Алдымен медициналық комиссия тексеруінен кейін екіжақты келісімшартқа қол қойған хоккейшілер 15 шілдеден бастап дайындыққа кірісті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
