16 сағат бұрын
Константин Пушкарёв «Номад» командасының бас бапкер міндетін атқарады

Фото: «Барыс» хоккей клубы
Константин Пушкарёв «Номад» командасының бас бапкерінің міндетін атқарушысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл шешім Талғат Жайлауовтың «Барыс» клубының бапкерлер штабына ауысуына байланысты қабылданып отыр.
Константин Пушкарёв 1985 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. Хоккейші мансабын 2002 жылы жергілікті «Торпедо-Казцинк» командасында бастады. Одан кейін Ресей, АҚШ, Канада клубтарының намысын қорғады. 2018 жылы «Алматы» сапында мансабына нүкте қойды.
2023 жылы «Барыс» командасында бас бапкердің көмекшісі ретінде қызметін бастады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
