15 сағат бұрын

Майкл Веккьоне биыл «Барыс» сапында ойнайды

Майкл Веккьоне биыл «Барыс» сапында ойнайды

Фото: «Барыс» хлккей клубы

Елордалық «Барыс» хоккей командасына АҚШ шабуылшысы Майкл Веккьоне келіп қосылды, деп хабарлайды Sport12.kz.

«Трактор» клубымен жасаған алмастыру келісімінен кейін қазақстандық команда Майкл Веккьонемен біржақты келісімшартқа қол қойды. Келісім бір маусымға есептелген. Ол 2026 жылдың 31 мамырына дейін жарамды болады.

Шабуылшы өзінің бүкіл кәсіби мансабын Солтүстік Америкада өткізді. Соңғы төрт маусым бойы Веккьоне ҰХЛ-дың «Вашингтон Кэпиталз» клубының фарм-командасы «Херши Беарс» сапында ойын көрсетіп, екі мәрте Колдер Кубогын иеленді. 

Өткен маусымда Майк АХЛ-дың тұрақты чемпионатында 68 матч өткізіп, 39 (19+20) ұпай жинады. Плей-офф кезеңіндегі 8 ойында 3 шайба соғып, 1 нәтижелі пас берді.

Айта кетсек, бұдан бұрын елордалық клубпен АҚШ хоккейшісі Иэн Маккош, канадалық Джейк Масси, ресейлік Юрий Паутов, Владимир Волков, Эмиль Галимов, қазақстандық Кирилл Панюков, Кириллом Савицкий, Батырлан Мұратов, Роман Старченко келісімшартқа қол қойды.

Қазақстандық клуб Құрлықтық хоккей лигасындағы жаңа маусымда алғашқы үш ойынды елордада өткізеді. Алдымен 7 қыркүйекте Ресейдің «Трактор» (Челябинск) командасымен кездессе, одан кейін 9 қыркүйекте «Амур» (Хабаровск), 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубтарымен шеберлік байқасады.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Астанада велотректен Қазақстан чемпионаты басталды

Басқа 8 сағат бұрын

Астанада велотректен Қазақстан чемпионаты басталды

Камиль Куруглиев еркін күрестен әлем чемпионаты финалына шықты

Күрес 9 сағат бұрын

Камиль Куруглиев еркін күрестен әлем чемпионаты финалына шықты

Футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» «Атырауды» ірі есеппен жеңді

Футбол 9 сағат бұрын

Футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» «Атырауды» ірі есеппен жеңді

Едіге Қасымбек - еркін күрестен 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы

Күрес 10 сағат бұрын

Едіге Қасымбек - еркін күрестен 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы

Майкл Веккьоне биыл «Барыс» сапында ойнайды

Хоккей 15 сағат бұрын

Майкл Веккьоне биыл «Барыс» сапында ойнайды

Түркістан облысында халықтың күшімен салынған футбол алаңы бұзылуы мүмкін

Футбол 21 сағат бұрын

Түркістан облысында халықтың күшімен салынған футбол алаңы бұзылуы мүмкін