2 күн бұрын
Райли Уолш «Барыс» сапына қосылды

Фото: «Барыс» хоккей клубы
Елордалық «Барыс» хоккей командасына АҚШ қорғаушысы Райли Уолш келіп қосылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Біржақты келісім алдағы маусымға жасалған. Ол 2026 жылғы 31 мамырға дейін есептелген.
АҚШ хоккейшісі кәсіби мансабының барлығын Солтүстік Америкада өткізді. Өткен маусымда ҰХЛ-дың «Лос-Анджелес Кингз» клубының фарм-командасы – «Онтарио Рейн» сапында ойын көрсетті. Хоккейші 72 кездесуде 32 (6+26) ұпай жинады. Жалпы, АХЛ-де 317 матч өткізіп, нәтижесінде 168 (42+126) ұпай еншілеген.
Айта кетсек, бұдан бұрын елордалық клубпен АҚШ хоккейшілеріі Иэн Маккош, Майкл Веккьоне, канадалық Джейк Масси, ресейлік Юрий Паутов, Владимир Волков, Эмиль Галимов, қазақстандық Кирилл Панюков, Кириллом Савицкий, Батырлан Мұратов, Роман Старченкомен келісімшартқа қол қойды.
Қазақстандық клуб Құрлықтық хоккей лигасындағы жаңа маусымда алғашқы үш ойынды елордада өткізеді. Алдымен 7 қыркүйекте Ресейдің «Трактор» (Челябинск) командасымен кездессе, одан кейін 9 қыркүйекте «Амур» (Хабаровск), 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубтарымен шеберлік байқасады.
Биыл «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында сәтсіз ойын көрсетті. Шығыс конференциясында 12 орын алып, 68 ойыннан кейін небәрі 35 ұпай жинады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
