7 сағат бұрын
Иван Ромазан мемориалы: «Барыс» «Салават Юлаевтан» басым түсті

Фото: «Барыс» хоккей клубы
Елордалық «Барыс» бүгін шайбалы хоккейден маусым алдындағы дәстүрлі Иван Ромазан мемориалына екінші ойынын Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында елордалық клуб сапында жаңадан қосылған хоккейшілер шықты. Олардың қатарында АҚШ-тан келген Майкл Веккьоне бар. Тәжірибелі ойыншы өзінің алғашқы кездесуінде мергендік танытып үлгерді. Ол ойынның 11-минутында көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Оған дейін ресейлік клубтан Прохор Корбит 10-минутта есеп ашқан еді.
Ал «Барыс» сапынан Әлихан Әсетов 21, 31-минутта басымдықты арттырса, одан кейін ресейлік командадан Данил Аляхин 34, Александер Хмелевски 50-минутта таразы басын теңестірді.
Ойын 3:3 есебімен тең аяқталып, овертаймда елордалық клубтан Дінмұхамед Қайыржан жеңіс шайбасын соғып кетті.
Осылайша «Барыс» қарсыласынан 4:3 есебімен қапы қалдырып, алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Қазірге дейін астаналық команда аталған турнирде Ресейдің «Магнитка» командасына 1:2 есебімен жол берді.
Елордалық хоккейшілер үшінші ойында 29 тамызда 19:00-де «Металлург» (Магнитогорск) командасымен шеберлік байқасады.
Қазақстандық клуб жаңа маусымда алғашқы үш ойында елордада өткізеді. Алдымен 7 қыркүйекте Ресейдің «Трактор» (Челябинск) командасымен кездессе, одан кейін 9 қыркүйекте «Амур» (Хабаровск), 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубтарымен шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
