3 күн бұрын
Таэквондодан 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының аға бапкерлері тағайындалды

Фото: Қазақстан таэквондо федерациясы
Әлем чемпионаты қарсаңында Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясы осы жас санатындағы ұлттық құраманың аға бапкерлерін тағайындау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл шешім құраманың жоғары деңгейде дайындалуын қамтамасыз ету, жаттығу процесінің тиімді жүйесін құру және қазақстандық таэквондошылардың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қолға алынды.
Аталған қызметке еліміздің тәжірибелі мамандары Давранбек Ризаев пен Дархан Қыстаубаев келді. Олардың шәкірттері арасында Қазақстан, Азия чемпиондары мен жүлдегерлері, Дүниежүзілік Универсиаданың жеңімпаздары, сондай-ақ Гран-при кезеңдерінің жүлдегерлері бар.
Ұлттық құраманы жасақтау мақсатында тамыз айында Қарағанды қаласында 21 жасқа дейінгілер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Онда алдағы Әлем чемпионатына спортшыларды іріктеу жүргізілді.
Айта кетерлігі, 21 жасқа дейінгілер арасында таеквондодан (WT) 2025 жылғы Әлем чемпионаты 3-6 желтоқсан аралығында Кения астанасы Найроби қаласында өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
