5 сағат бұрын
«Барыс» жолдастық кездесуде «Сибирь» командасын екінші мәрте жеңді

Фото: «Барыс» хоккей клубы
Жаңа маусымға дайындық аясында «Барыс» хоккей клубы Астанада Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасынан екінші мәрте басым түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Елордалық клубтың бас бапкері Михаил Кравец төмендегі құрамға алғашқы минуттан сенім артты: Шестаков (Шутов) - Масси-Уолш, Галимов-Морелли-Веккионе; Маккошен-Бреус, Савицкий-Томпсон-Қайыржан; Бекетаев-Данияр, Әсетов-Өмірбеков-Колесников; Королёв-Оразов, Ляпунов-Шайхмедденов-Мұратов.
Кездесу барысында елордалық клуб сапынан Мэйсон Морелли екі гол соқса, Эмиль Галимов бір мәрте мергендік танытты. Оған ресейлік клуб екі голмен жауап қайырды.
Осылайша «Барыс» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, бұдан бұрын елордалық команда аталған қарсыласымен тағы бір кездесуде 3:1 есебімен ежңген еді.
Қазақстандық клуб Құрлықтық хоккей лигасындағы жаңа маусымда алғашқы үш ойынды елордада өткізеді. Алдымен 7 қыркүйекте Ресейдің «Трактор» (Челябинск) командасымен кездессе, одан кейін 9 қыркүйекте «Амур» (Хабаровск), 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубтарымен шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
