2 күн бұрын
Жасөспірімдер Қазақстан кубогының жартылай финалдық жұптары анықталды.

Астана, Орал және Өскемен қалаларында хоккейден Қазақстан жасөспірімдер кубогының топтық кезеңі аяқталды. Жартылай финалға «Барыс», «Торпедо», «Актобе» және «Сұңқар» жолдама алды.
«А» тобында елорда клубы «Барыс» «Астананы» 4:1 есебімен жеңіп, топтық кезеңді жеңіліссіз аяқтады.
«В» тобында оралдық «Сұңқар» тартысты ойында овертаймда «Актобеден» басым түсті – 4:3. Шешуші шайбаны Владислав Михеев соқты. Айта кетерлігі, бұл нәтиже екі батыстық клубты да жартылай финалға шығарды.
«С» тобында «Торпедо» шешуші кездесуде «Алматыдан» 4:2 есебімен басым түсіп, соңғы жолдаманы иеленді.
Осылайша, жасөспірімдер кубогының жартылай финалдық жұптары мынадай:
- «Барыс» – «Сұңқар»
- «Торпедо» – «Актобе»
Жартылай финал ойындары 6 қыркүйекте өтеді: 13:00-де «Барыс» – «Сұңқар» матчы басталса, 17:00-де «Торпедо» мен «Актобе» арасындағы кездесу өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
