3 сағат бұрын
«Барыс» сапына тағы төрт хоккейші қосылды
Фото: «Барыс» хоккей клубы
Елордалық «Барыс» қаралымнан өткен бірқатар ойыншымен екіжақты келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Мұндай сенімге Кирилл Никитин, Семен Симонов, Вячеслав Колесников, Матвей Решетко ие болды.
Қорғаушы Кирилл Никитин, сондай-ақ шабуылшылар Семен Симонов пен Вячеслав Колесников 2026 жылдың 31 мамырына дейін бір маусымдық келісімге келді.
Қорғаушы Матвей Решетко 2028 жылдың 31 мамырына дейін үш маусымдық келісімге қол қойды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас