14 сағат бұрын

Қазақстанда екінші мәрте пара хоккейден әлем чемпионаты басталды

Қазақстанда екінші мәрте пара хоккейден әлем чемпионаты басталды

Бүгін, 6 қыркүйекте, елорданың «Тарлан» мұз айдынында пара хоккейден (В-пул) әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары Жарасбаев Серік Маратұлы, сондай-ақ Халықаралық пара хоккей федерациясының техникалық делегаттар басшысы Питер Андерссон қатысты.

«Мемлекет тарапынан елімізде мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануы үшін барлық жағдай жасалуда. 2024 жылдан бастап пара хоккейден ұлттық штаттық құрама командасы құрылды. Соның нәтижесінде осы санаттағы азаматтардың спортпен айналысу үлесі жыл сайын артып келеді», – деді Серік Маратұлы өз сөзінде.

Чемпионат 6–11 қыркүйек аралығында өтіп, оған Италия, Жапония, Швеция, Қазақстан, Франция және Финляндия құрамалары қатысуда. Турнир айналмалы жүйе бойынша ұйымдастырылып, қорытындысы бойынша алғашқы екі орын алған командалар А тобына өтеді.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Али Алиев: Қазақстан құрамасы Бельгияға тосынсый дайындап жатыр

Футбол 1 сағат бұрын

Али Алиев: Қазақстан құрамасы Бельгияға тосынсый дайындап жатыр

Нұралы Әліп Бельгиямен кездесуге қатыса ала ма?

Футбол 1 сағат бұрын

Нұралы Әліп Бельгиямен кездесуге қатыса ала ма?

Жәнібек Әлімханұлы өзбекстандық боксшымен жекпе-жекке шыға ма?

Бокс 1 сағат бұрын

Жәнібек Әлімханұлы өзбекстандық боксшымен жекпе-жекке шыға ма?

Әлем чемпионаты: Қазақстан футбол құрамасы Бельгиямен ойнайды

Футбол 2 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Қазақстан футбол құрамасы Бельгиямен ойнайды

Садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында қолаға таласады

Басқа 2 сағат бұрын

Садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында қолаға таласады

Бокстан әлем чемпионатында  7 қыркүйекте Қазақстан құрамасынан кімдер шығады

Бокс 2 сағат бұрын

Бокстан әлем чемпионатында 7 қыркүйекте Қазақстан құрамасынан кімдер шығады