3 сағат бұрын
ҚХЛ: «Барыс» жаңа маусымды сәтті бастады

Фото: «Барыс» хоккей клубы
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 7 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын елордада Ресейдің «Трактор» (Челябі) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында командалар жылдам гол соғуға күш салды. Нәтижесінде «Трактор» сапынан Джош Ливо 5-минутта мергендік танытты.
Ойынның 8-минутында елордалық клубтан Аңсар Шайхмедденов таразы басын теңестірсе, Кирилл Савицкий 32-минутта өз командасын алға шығарды. Одан кейін ресейлік командадан 36-минутта Михаил Горюнов-Рольгизер өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.
Ал 52-минутта «Барыс» сапынан Тайс Томпсон гол соқса, оған ресейлік клубтан 57-минутта Пьеррик Дюбе таразы басын теңестірді. Негізгі кезең 3:3 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда «Барыс» жеңіс шайбасын соқты. Осылайша алғашқы кездесуде қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсті.
Қазақстандық клуб Құрлықтық хоккей лигасындағы жаңа маусымда бұдан кейінгі екі ойынды елордада өткізеді. Алдымен 9 қыркүйекте «Амур» (Хабаровск), 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) клубтарымен шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
