19 сағат бұрын
Бетіне шайба тиген «Барыс» хоккейшісі медициналық тексеруден өтетін болды

«Барыс» хоккейшісі Иэн Маккошен медициналық тексеруден өтеді. Нақты ақпараты ертең белгілі болады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қавзақстандық команда бүгін елордада Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынында Ресейдің «Трактор» (Челябі) командасын овертаймда 4:3 есебімен тізе бүктірді.
Аталған ойында бетіне шайба тиген Иэн Маккошен ойынды ертерек аяқтауға мәжбүр болды.
Ол команда құрамына биыл қосылды.Біржақты келісімшарт 2026 жылғы 31 мамырға дейін жарамды, ол бір маусымға есептелген.
2013 жылы «Флорида Пантерз» клубы драфтта таңдаған Маккошен кәсіби мансабының басым бөлігін Солтүстік Америкада өткізді. Ол Ұлттық хоккей лигасында 60, АХЛ-де 244 ойынға қатысты.
Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы маусымын Иэн 2024/2025 жылдары өткізді. «Куньлунь Ред Стар» сапында 61 матчқа қатысып, 4 шайба соқты және 11 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
