8 сағат бұрын

«Барыс» хоккейшісінің мұрны сынып, жарақат алғандар тізіміне енгізілді

«Барыс» хоккейшісінің мұрны сынып, жарақат алғандар тізіміне енгізілді

Фото: «Барыс» хоккей клубы

«Барыс» командасының хоккейшісі Иэн Маккошен жарақат алғандар тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Ол 7 қыркүйекте елордада «Трактормен» өткен матч барысында жарақат алды. Қарсылас команда хоккейшісінің соққысынан кейін оның бетіне шайба тиіп кетті. Салдарынан Иэн Маккошеннің мұрны сынды. Қорғаушы жарақат алғандар тізіміне ауыстырылып, «Барыстың» алдағы ойындарын өткізіп алады.

Ол команда құрамына биыл қосылды.Біржақты келісімшарт 2026 жылғы 31 мамырға дейін жарамды, ол бір маусымға есептелген.

2013 жылы «Флорида Пантерз» клубы драфтта таңдаған Маккошен кәсіби мансабының басым бөлігін Солтүстік Америкада өткізді. Ол Ұлттық хоккей лигасында 60, АХЛ-де 244 ойынға қатысты.

Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы маусымын Иэн 2024/2025 жылдары өткізді. «Куньлунь Ред Стар» сапында 61 матчқа қатысып, 4 шайба соқты және 11 нәтижелі пас берді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Бейбарыс Жексен Олимпиада чемпионымен айқасады

Бокс 5 сағат бұрын

Бейбарыс Жексен Олимпиада чемпионымен айқасады

Еуропа чемпионаты: футболдан Қазақстан жастар құрамасы Англиядан жеңілді

Футбол 5 сағат бұрын

Еуропа чемпионаты: футболдан Қазақстан жастар құрамасы Англиядан жеңілді

Аида Әбікеева ширек финалға жолдама алды

Бокс 6 сағат бұрын

Аида Әбікеева ширек финалға жолдама алды

Бадминтоннан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы 4 медаль алды

Теннис 7 сағат бұрын

Бадминтоннан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы 4 медаль алды

Аружан Сағындықова Қытайдағы турнирде чемпион атанды

Теннис 7 сағат бұрын

Аружан Сағындықова Қытайдағы турнирде чемпион атанды

«Барыс» хоккейшісінің мұрны сынып, жарақат алғандар тізіміне енгізілді

Хоккей 8 сағат бұрын

«Барыс» хоккейшісінің мұрны сынып, жарақат алғандар тізіміне енгізілді