6 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыс» бүгін елордада «Амур» командасымен кездеседі

ҚХЛ: «Барыс» бүгін елордада «Амур» командасымен кездеседі

Фото: «Барыс» хоккей клубы

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 9 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын елордада Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасына қарсы өткізеді., деп хабарлайды Sport12.kz. 

Ойын елорда уақытымен 19:00-да басталады.

Екі команда бұған дейін 54 мәрте кездескен. Оның 24-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен. 

Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Айта кетсек, жаңа маусымға дайындық аясында «Барыс» хоккей клубы Астанада өткен Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасымен екі бақылау ойынында (3:2, 3:1) жеңіске жетті.

Айта кетсек, биыл елордалық клубпен АҚШ хоккейшілері Иэн Маккош, Майкл Веккьоне, Райли Уолш, Тайс Томпсон, канадалық Джейк Масси, ресейлік Владимир Волков, Эмиль Галимов, қазақстандық Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Батырлан Мұратов, Роман Старченко және өзге де ойыншылар келісімшартқа қол қойды.

Қазақстандық клуб Құрлықтық хоккей лигасындағы жаңа маусымда бұдан кейінгі бір ойынды елордада 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасына қарсы өткізеді


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Виктория Графеева Өзбекстан спортшысымен айқасады

Бокс 28 минут бұрын

Виктория Графеева Өзбекстан спортшысымен айқасады

Нұрбек - Тоқтарбек: қос қазақ боксшысының қайсысы жеңіске жетеді?

Бокс 1 сағат бұрын

Нұрбек - Тоқтарбек: қос қазақ боксшысының қайсысы жеңіске жетеді?

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Италиядағы турнирге қатысады

Футбол 2 сағат бұрын

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Италиядағы турнирге қатысады

Әлем чемпионы Алуа Балқыбекова қарсыласын нокдаунмен жеңді

Бокс 2 сағат бұрын

Әлем чемпионы Алуа Балқыбекова қарсыласын нокдаунмен жеңді

Қазақстандық садақшылар әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Басқа 3 сағат бұрын

Қазақстандық садақшылар әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Василий Жиров АҚШ азаматтығынан бас тартуға дайын ба?

Бокс 4 сағат бұрын

Василий Жиров АҚШ азаматтығынан бас тартуға дайын ба?